Ресми түрде: World Esports Championship 2027 Қазақстанда өтеді!
Қуана хабарлаймыз: World Esports Championship 2027 турнирінің қабылдаушы елі болып Қазақстан, ал жарыстың өтетін қаласы Астана болып бекітілді!
Бұл — еліміздің халықаралық киберспорт қауымдастығы алдындағы маңызды жетістігі және әлемнің үздік құрамаларын қабылдауға жасалған үлкен қадам.
Турнирдің өтетін күндері, іріктеу кезеңдері, квоталар және жарыс регламенті белгіленген мерзімде жарияланады.
Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар — барлық ресми ақпарат алдағы уақытта біздің парақшаларымызда жарияланады.
Қазақстанда кездескенше!
Официально: World Esports Championship 2027 пройдет в Казахстане!
С радостью сообщаем, что Казахстан выбран страной-хозяйкой World Esports Championship 2027, а местом проведения мирового чемпионата станет Астана!
Это важное событие для развития киберспорта в нашей стране и большая честь принимать сильнейшие сборные мира на казахстанской земле.
Даты проведения, информация о квалификациях, квотах и регламенте турнира будут опубликованы в установленный срок.
Следите за нашими новостями — вся официальная информация появится на наших страницах.
До встречи в Астане в 2027 году!