EA SPORTS FC 26 бойынша Esports Nations Cup 2026 іріктеу кезеңіне тіркелу ашық!

EA SPORTS FC 26 бойынша Esports Nations Cup 2026 іріктеу кезеңіне тіркелу ашық!

Қазақстандық ойыншыларға EA SPORTS FC 26 Esports Nations Cup 2026 турнирінің ашық іріктеу кезеңіне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!

Іріктеу кезеңіне талаптарға сай келетін барлық ойыншылар қатыса алады. Ел бойынша қатысушылар санына шектеу жоқ.

Тіркелу ойынның өзінде (in-game registration) FC Pro Live Events арқылы жүзеге асырылады. (FC Pro)

1-кезең (Ladder Stage): 29 шілде – 2 тамыз

Ойыншылар 5 күн бойы тәулік бойы қолжетімді матчтарда бақ сынайды. Қарсыластар Skill Rating көрсеткішіне сәйкес таңдалады.

Ladder кезеңінің қорытындысы бойынша әр өңірдің ең үздік ойыншылары Battlefy платформасында өтетін Playoff кезеңіне жолдама алады.

Тіркелу және толық ақпарат: FC Pro

Өз шеберлігіңізді дәлелдеңіз және Қазақстан атынан халықаралық аренада өнер көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Прокрутить вверх